«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси өз мансабында жарақатына байланысты 103 рет ойынды өткізіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл барлық ойынның 12,7%-ын қамтиды. Месси танымал ойыншылар арасында ең көп ойынын жіберіп алған футболшылар қатарына кіреді.

«Ювентус» форвардыКриштину Роналду жалпы саны 48 матчқа (4,98%) қатыспаса, ПСЖ-ның бразилиялық жұлдызы Неймар 52 (10,59%) кездесуден қапы қалған.