«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп АПЛ-да желтоқсан айының ең үздік бапкері болып табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс маманыНуну Эшпириту Санту («Вулверхэмптон»), Мануэля Пеллегрини («Вест Хэм»), Маурисио Почеттино («Тоттенхэм») және Маурицио Сарри («Челси») секілді бапкерлерден басып озды.

«Ливерпуль» өткен айда 7 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.