Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бразилиялық ойыншы Рональдионы футбол тарихындағы шебер ойыншыға балады, деп жазады алматылық клубтың ресми сайты.

- Фристайл Бельгияда өте танымал. Бұрындары Роналдиньо мен Робиньоға ұқсап, олардың әдістерін қайталайтынмын.

- Сіздің ойыңызша футбол тарихындағы ең шебер ойыншы кім?

- Сөзсіз, ол Роналдиньо. Ол барлық жағынан үздік еді. Басқаларда жоқ дарын Роналдиньода болды.

- Белгияның 19 жасқа дейінгі құрамасының сапында доп тептіңіз. Сізбен бір қатарда ойнаған, қазір Ұлттық құраманың сапына ілінген кімді атап өтер едіңіз?

- Дивок Ориги мен Бирже Верстретті ерекше атап өтер едім (Ориги дәл қазіргі сәтте «Ливерпульге» тиесілі, ал Верстрет «Гент» сапында ойнайды - ред.).

- Жас кезіңізде тағы қандай жұлдыздармен бір алаңға шықтыңыз?

- Мемфис Депай, Аднан Янузай, ағайынды Лукакулар, Джейсон Денайер, Торган Азар, Миши Батшуайи…