Қазақстандық жартылай қорғаушы Азат Ерсәлімов көкшетаулық «Оқжетпес» командасының қатарын толықтырды.

Семей футболының түлегі Азат Ерсәлімов Қазақстан Премьер-Лигасында павлодарлық «Ертіс» командасының сапында 2007 жылы алғаш рет ойнады. Сондай-ақ «Астана», «Тараз» сапында доп тепті. 2017 және 2018 жылғы маусымда "Ақжайық" қатарында болды.

Ерсәлімов «Оқжетпес» қатарында жылдың соңына дейін ойнауға келісім жасады.