Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Пауло Дибала жазғы трансферлік мерзімде командадан кетуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Tuttosport басылымы хабарлағандай, италиялық клубқа үш бірдей командадан ұсыныс түскен. Атап айтқанда, «Пари Сен-Жермен», «Бавария» және «Манчестер Сити».

Алайда туриндік команда Дибаланы кем дегенде 100 миллион евроға сатуға ниеттеніп отыр.

Айта кетейік, 25 жастағы аргентиналық футболшы «Ювентустің» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.