«Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике әріптесі Лионель Мессиге өзіне тиесілі клубының бір бөлігін сатып алуға үгіттеп жүр, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазір Пикенің Kosmos компаниясы Мессидің өкілдерімен жолығып, келіссөз жүргізіп жатыр.

Дегенмен Месси «Андорра» командасының аз ағана үлесін сатып алмақ.

Айта кетейік, Пике бірнеше апта бұрын «Андорра» клубының иегері атанған. Дәл қазіргі таңда «Андорра» Испанияның бесінші лигасында өнер көрсетіп жүр.