Сауль Альварес өз уәдесін орындап, қатерлі ісікпен ауыратын балаларға ақша жинаған соң сақалын алып тастады.

Біраз уақыт бұрын боксшы қатерлі ісікпен ауыратын балалар мен әйелдерге қаражат жинауға қатысып жатқанын айтқан.

«Канело» есепшотқа 75 мың АҚШ доллары жиналса, өз сақалын алып тастайтынын айтқан еді.

Нәтижесінде, ауыр дертке шалдыққандарға 250 мың доллар жиналып, Альвареске сақалын қыруға тура келген.