USA Today журналисі Марк Ортега қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен бұрынғы промоутері Том Леффлер арасындағы келісімнің тоқтатылғанына қатысты пікір білдірді. Қазір бұл жаңалық әлемдік БАҚ-та қызу талқыланып жатыр.

«GGG фанаттары бұрыннан істеп келе жатқан промоутерімен келісімді бұзған спортшысы туралы не ойлайды? Біздің ойымыз былай, түптің түбінде бокс – бизнес. Боксшыны басқа бағытта кеткені үшін кінәлай алмайсыз. Біз басқа спорт түрлеріндегі спортшылар не агенттерге көбірек ақшаны таңдағаны үшін кінә тақпаймыз ғой, бокста неге басқаша болу керек? (...) Мен егжей-тегжейлі білмеймін. Бірақ енді шешімді Головкиннің отбасы қабылдайтынын білемін, ал Леффлер кетті», - деп жазды Ортега твиттерде.