Республикалық «Велоспорт бойынша даярлау орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.

Брифинг барысында ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты велоспорт бойынша даярлау орталығы басшысының заңсыз әрекеттері әшкереленгенін айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Велоспорт бойынша даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол орталықты іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаларға еңбекақыны есептеу, сондай-ақ заңсыз үстеме сыйақыларды төлеу арқылы ақша жымқырды деген күдікке ілінді», - деді ол.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.