Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған қазақстандық спортшы Глеб Брусенский Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді үлгі тұтатынын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Тілшінің «велоспорттан басқа неге қызығасыздар» деген сұрағына жас спортшы былай деп жауап берген:

«Видео түсіріп, оны өңдегенді ұнатамын. Кітап оқимын. Көбінесе психологиялық, сондай-ақ, белгілі адамдардың өмірбаяны туралы оқығанды ұнатамын. Өмірде Владимир Путин, Александр Винокуров, Алексей Луценко және Петр Саганды пір тұтатымын».

Айта кетейік, Ұлттық Олимпиада комитетінің «Жыл серпіні» номинациясында лауреат атанған Глеб Брусенский мен Евгений Федоров2018 жылдың қазан айында Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында велоспорттың командалық түрінен алтыннан алқа тағынған болатын.