Әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанған қазақстандық үш балуанды Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті марапаттады деп хабарлайды Olympic.kz.

Румынияның Бухарест қаласында өткен әлемдік додада Мария Седнева, Жәмила Бақбергенова және Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізген болатын.

«Жаңа жыл мерекесінде сыйақы беріп, бізді назардан тыс қалдырмағаны қуантады. Өте қуаныштымыз. Бізге ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсеткен басшылыққа, бапкерлерге, Ұлттық олимпиадалық комитетке көп рақмет», - дейді Жәмила Бақбергенова.