«Барселона» клубы және Аргентина ұлттық құрамасы шабуылшысы Лионель Месси испаниялық Marca басылымының тұжырымы бойынша үздік футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орынға «Реал» жартылай қорғаушысы және Хорватия ойыншысы Лука Модрич, үшінші орынға «Атлетико» және Франция форварды Антуан Гризманн жайғасты.

ТОП-10 тізіміне енгендер:

4 — Криштиану Роналду («Ювентус», Португалия құрамасы);

5 — Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция);

6 — Мохамед Салах («Ливерпуль», Египет);

7 — Эден Азар («Челси», Бельгия);

8 — Рафаэль Варан («Реал», Франция);

9 — Харри Кейн («Тоттенхэм», Англия);

10 — Кевин Де Брейне («Манчестер Сити», Бельгия).