Clubworldranking.com порталы ең үздік бапкерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте каталондық «Барселона» клубының бапкері Эрнесто Вальверде 14840 ұпайымен көш бастап тұр.

Екінші орынға «Атлетико» бапкері Диего Семионе (13709) жайғасса, үздік үштікті «Ривер Плейт» бапкері Марселино Гальярдо түйіндеді (13181).

ТОП-10 тізімінде «Реалдың» экс-коучы Зинедин Зидан да бар.

Қазақстандық бапкерлерге келер болсақ, ең жоғарғы орын астаналық клубты баптап отырған Роман Григорчукте. Украиналық маман 1774 ұпаймен 297 орынға жайғасқан.

545-ші боп «шахтерлік» Николай Костов орналасса, «Қайраттың» бұрынғы бапкері Карлос Алос Ферер 859 орында тұр.