Жыл сайынғы дәстүр бойынша Сенегалдың осы жылғы үздік футболшысы анықталды, деп жазады prosports.kz.

Бұл атаққа биыл Сенегал ұлттық құрамасы мен «Наполи» командасының қорғаушысы Калиду Кулибали қол жеткізді.

Аталған жүлдеден «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане мен «Бордо» қорғаушысы Юссуф Сабали да үмітті болған.