«Милан» лондондық «Челсидің» жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегасты қатарына қосуға дайын, ол үшін испаниялық футболшы клубтан еркін агент ретінде кетуі қажет , деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық клубтың басшылығы 31 жастағы испанға бұл туралы айтқан. Фабрегас пен «Челси» арасындағы еңбек келісімі 2019 жылы 1 маусымда аяқталады.

Осылайша, Фабрегасқа жазды күту қажет немесе қысқы трансфер кезінде клубпен екі тараптың келісімі бойынша келісімшартты үзуге тырысу керек.

Фабрегасты «Миланнан» бөлек «Фенербахче» де алғысы келеді. Түркиялық клуб «Челсиден» футболшыны сатып алуға дайын.