Алматылық «Қайраттың» бапкері мен ойыншылары UMBRO Futsal Awards нұсқасы бойынша әлемнің үздіктері қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Кака әлемнің үздік жаттықтырушылары тізіміне енді. Бразилиялық маман сауалнамада екінші орын алды. Ал әлемнің үздік бапкері болып - испаниялық «Интердің» жаттықтырушысы Хесус Веласко танылды.