Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин италиялық Тоблахтағы «Тур де скидің» еркін стильмен жекелей жарысында 11-ші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алексей мәре сызығын 31:39.6 көрсеткішімен кесті. Ал ресейлік Сергей Устюгов жеңімпаз атанды.

Кеше Полторанин спринтте іріктеуден өте алмай қалған болатын.

Келесі кезең 1 қаңтарда Швейцарияда өтеді.

Шаңғы жарысы. «Тур де ски». Жекелей жарыс. Еркін стиль. Ерлер.

1. Сергей Устюгов (Ресей) – 30:34.1

2. Симен Крюгер (Норвегия) – 30:46.3 (+12.2)

3. Александр Большунов (Ресей) – 30:56.0 (+21.9)

…22. Алексей Полторанин (Қазақстан) – 31:39.6 (1:05.5).