Италияның Тоблах қаласында шаңғы жарысынан «Тур де Ски» көпкүндігі басталды. Алғашқы сайыс күнінде спортшылар еркін стильмен қысқа қашықтыққа жарысады, деп жазады Olympic.kz.

1,3 шақырымдық бәсекеде қазақстандық Алексей Полторанин де бақ сынады. Өкінішке қарай, ол жүлдеге таласа алмай, 78-ші орында қалды. Ерлер арасында норвегиялық Йоханнес Клебо топ жарды.

Екінші және үшінші орында франциялық Жув Ришар мен Люк Шанава. Бүгін ерлер 15 шақырымға еркін әдіспен жарысады.

Кейін көпкүндік бәсеке Швейцарияда жалғасады. Валь-Мюстаирдағы дода 1 қаңтарда басталады.