Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Робиньо түркиялық «Сивасспор» командасынан «Истанбул Башакшехирге» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы футболшы осы маусымда Түркия Чемпионатында 16 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Ол осы көрсеткішімен үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.

«Истанбул Башакшехир» 17 турдан кейін чемпионатта көш бастап келеді. Ал «Сивасспор» турнирлік кестенің 9-шы сатысына жайғасқан.