Робиньо «Истанбул Башакшехир» командасына ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Робиньо түркиялық «Сивасспор» командасынан «Истанбул Башакшехирге» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы футболшы осы маусымда Түркия Чемпионатында 16 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Ол осы көрсеткішімен үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.
«Истанбул Башакшехир» 17 турдан кейін чемпионатта көш бастап келеді. Ал «Сивасспор» турнирлік кестенің 9-шы сатысына жайғасқан.