«Астана» ФК атқарушы директоры Қайсар Бекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты командадан кетті.

«Астананың» президенті Саян Хамитжанов Бекеновтың командадан кеткені жайлы айтып берді:

«Қайсар Рауфұлы бір жыл бұрын жұмыстан босатуымды сұрап келген болатын. Бірақ, ол кезде біз бұл мәселені тіпті көтермедік. Себебі, ол клубты басқару жүйесіндегі маңызды рөл атқаратын. Бірнеше стратегиялық сұрақтарға жауапты болды. Биылғы маусым аяқталғаннан кейін осы өтінішпен тағы келді. Біз бұл жолы бетін қайтармай, өтінішті қабылдауымызға тура келді», - деді Саян Хамитжанов.