Шымкенттік «Ордабасы» командасының бұрынғы шабуылшысы Преслав Йорданов жаңа командамен келісімшартқа қол қойды.

Ол енді Болгарияның «Септембри» (София) командасының намысын қорғайды. Ол бұған дейін «Пирин» клубында доп тепкен болатын.

2017 жылы Йорданов «Ордабасы» сапында 17 ойынға қатысып, үш гол соққан.