UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов өз баласының көп болса енді үш-төрт жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі келісім-шарт бойынша Хабибте UFC де өткізетін бір ғана жекпе-жегі қалды. Дегенмен, басқа лигалар оған ұсыныс тастап жатыр. «Контракт бойынша өткізетін бір жекпе-жек бар. Одан бөлек, Reebok компаниясымен 4 айлық келісім қалды. Сосын біз бәрінен босаймыз. Жаңа ұсыныстарды қабылдаймыз. Ары кетсе Хабиб енді үш-төрт жекпе-жек өткізіп, карьерасын аяқтайды",- деді А. Нурмагомедов.