«Ренн» клубының шабуылшысы Исмаил Сарр Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сарр жанкүйерлердің ең көп даусын жинаған. Еуропа лигасының 6-шы турында «Ренн» клубының шабуылшысы елордалық «Астананың» қақпасына екі гол соқты. Қос голдың арқасында франциялық команда K тобында «Астананы» артқа тастап, екінші орын алды.