Қазақстандық жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев 2019 жылғы маусымның соңына дейін қостанайлық «Тобылда» ойнайды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

2018 жылы Нұрғалиев «Тобыл» сапында ел чемпионатында 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген болатын.

32 жастағы футболшы «Тобылдан» бөлек «Ақсу-Кент», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» сапында ойнады. Ал мансабының басым бөлігін «Ордабасы» сапында өткізді.