Орта салмақты бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен қатынасын үзуі мүмкін.

Бұл туралы Los Angeles Times порталы хабарлады. Алайда, Леффлердің өзі бұл сөзге қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

– Боксшының аты боксшы, промоутердің жөні бір бөлек. Мен Головкин таңдау жасай алады деген сенімдемін, оның бұған құқығы бар, - деді GGG бапкері абель Санчес.Головкин мен Леффлер 2011 жылдан бастап бірге жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда Головкин еркін агент.

Лос-Анджелесте Головкин промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing), DAZN өкілі Джон Скиппермен кездескен. Алайда, БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кездесу Леффлерсіз өткен.