Салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары рейтингінің (P4P) жаңарған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл рейтингінде бірінші орында украиналық Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші сатыға мексикалық Сауль «Канело» Альварес жайғасса, үздік үштікті АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд түйіндеп тұр.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин тізімде бесінші орында.

Толық тізім:

1. Василий Ломаченко2. Сауль «Канело» Альварес3. Теренс Кроуфорд4. Александр Усик5. Геннадий Головкин6. Майки Гарсия7. Эррол Спенс8. Срисакет Сор Рунгвисаи9. Наоя Иноуэ10. Лео Санта Крус.