Америкалық трансгендер Патрисио Мануэль кәсіпқой алаңда өзінің алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сегодня порталына сілтеме жасап.

Индио (Калифорния штаты) қаласында өткен бокс кешінде қарсыласы мексикалық Уго Агилара болған Мануедь төрешілер шешімімен жеңіске ие болды.

«Қарсыласымның алдында басымды иемін. Ол менімен еркекше шайқасты. Осы үшін оны құрметтеймін. Рингке шығу үшін көптеген қиыншылықтарға төтеп бердім. Мен спортта әлі де қала бермекпін», - деді трансгендер боксшы.

Айта кетейік, Мануэль 2012 жылға дейін әйел болған. АҚШ-тың олимпиадалық әйелдер құрамасына үміткер атанған.