Жынысын ауыстырған боксшы рингтегі алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАмерикалық трансгендер Патрисио Мануэль кәсіпқой алаңда өзінің алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сегодня порталына сілтеме жасап.
Индио (Калифорния штаты) қаласында өткен бокс кешінде қарсыласы мексикалық Уго Агилара болған Мануедь төрешілер шешімімен жеңіске ие болды.
«Қарсыласымның алдында басымды иемін. Ол менімен еркекше шайқасты. Осы үшін оны құрметтеймін. Рингке шығу үшін көптеген қиыншылықтарға төтеп бердім. Мен спортта әлі де қала бермекпін», - деді трансгендер боксшы.
Айта кетейік, Мануэль 2012 жылға дейін әйел болған. АҚШ-тың олимпиадалық әйелдер құрамасына үміткер атанған.
Last night the first professional transgender boxer in the United States, Patricio “Pat” Manuel, made his debut and picked up his first win! Congratulations on making history! pic.twitter.com/xy5FGTL0o5
— My Name is Prince (@AfroPrinceNC) 9 декабря 2018 г.