Испания астанасында санта-клаустар мен ертегілік эльфтердің дәстүрлі жаппай жүгіруі өтті.

Қызықты шараға қатысқан 7 мыңға жуық адам Мадридтің орталық көшелерімен 5 шақырым жер жүгірді. Шаһар аяз аталарға толып, қалада мерекелік көңіл-күй орнады. Ал акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – кәрі құрлықтағы санта-клаустардың ең үлкен жүгіру шарасы.

Қызықты акциядан жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

24.kz