2019 жылы Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Турнир алғаш рет олимпиадалық тәртіп бойынша өткізілмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин мәлімдеді.

«2018 жылы біз мемлекеттік аккредитация алдық. Шілде айында Ұлттық Олимпиада комитеті бізді қауымдастық ретінде таныды. Сондай-ақ, 2019 жылы Астанада әлем чемпионаты өтетінін хабарлағым келеді. Келер жылы биылғы біріншілікке қарағанда көп қатысушы келеді деп күтеміз. Себебі турнирдің мәртебесі жоғары және грэпплингті дамытуға қызығушылық танытып отырған федерациялар көп », - деді Қанат Алин.