Жарысқа республиканың барлық өңірлерінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Грэпплинг дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және күрестің басқа стильдерін біріктіреді. Мен біздің спортшылардан келесі жылы немесе екі жылдан кейін нағыз чемпиондар өсіп шығатынына үміттенемін», – деді спорт басқармасының төраға орынбасары Берік Маржықпаев.