Ресейлік «Уфа» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды.

Енді клубты Дмитрий Кириченко ресми түрде жаттықтырады. Ол «Уфамен» 1,5 жылдық келісімшартқа отырған. Ол бұған дейін клубта бас бапкердің қызметін атқарушы болған еді.

«Уфа» осы маусымда 17-турдан кейін турнир кестесінде 16-шы орында келе жатыр.

Айта кетейік, «Уфа» сапында қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді.