Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады.

- Назарымыз бүгінгі жеребеде болды. Бельгия мен Ресейдің топтың үздігі екені барлығы біледі. Мұндай қарсыластармен ойнау қызықты. Жоғары деңгейде футбол ойнап, әр ойында жеңіске жетуге ұмтыламыз.

Айта кетейік, күні кеше Дублинде 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе рәсімінің қорытындысы бойынша, 10 топтың қатысушылары белгілі болды. Іріктеу турнирінен соң 20 команда турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Тағы төрт жолдама Ұлттар лигасы арқылы беріледі.

Қазақстан құрамасы Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен I тобына түсті. Ойындар кестесін мына сілтемеден көре аласыз.