Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады.

- Еуропада футбол деңгейі жоғары деп санаймын. Барлық команданың деңгейі бірдей. Шабуылда да, қорғаныста да сапалы ойнай алады. Біздің топ өте қызықты. Кез келген қарсыласпен жақсы ойнай аламыз. Жақсы дайындалып, қарсыласты толық зерттеп, кез келген жағдайға дайын болуымыз міндет.

Айта кетейік, күні кеше Дублинде 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе рәсімінің қорытындысы бойынша, 10 топтың қатысушылары белгілі болды. Іріктеу турнирінен соң 20 команда турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Тағы төрт жолдама Ұлттар лигасы арқылы беріледі.

Қазақстан құрамасы Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен I тобына түсті. Ойындар кестесін мына сілтемеден көре аласыз.