Қазақстан құрамасының капитаны Дмитрий Шомко 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі жайында ойын айтты.

«Өте жақсы топ. тек қана жеңіс үшін ойнауға тырысамыз, қарсыластың ешқайсысы да оңай болмайды. Бельгия мен Ресейде атап өтуге болады – олар топтың фавориттері. Оның үстіне, олар әлем чемпионатына қатысқан. Сондай командаларға қарсы ойнау қызық болады. Әзірге болжам жасап, топтағы өз орнымыз туралы айтуға ерте. Бәрі ойын барысында көрінеді», - деді Шомко.