Қазақстан құрамасының футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

Станимир Стоилов шәкірттері іріктеу турнирінің I тобына түсті. Мұнда қазақстандықтар Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Мариномен бақ сынасады.

Назарларыңызға 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің матчтар кестесін ұсынамыз:

1-ші тур, 21-23 наурыз 2019 жыл; 2-ші тур, 24-26 наурыз 2019 жыл; 3-шітур, 7-8 маусым 2019 жыл; 4-ші тур, 10-11 маусым 2019 жыл; 5-ші тур, 5-7 қыркүйек 2019 жыл; 6-ші тур, 8-10 қыркүйек 2019 жыл; 7-ші тур, 10-12 қазан 2019 жыл; 8-ші тур, 13-15 қазан 2019 жыл; 9-ші тур, 14-16 қараша 2019 жыл; 10-ші тур, 17-19 қараша 2019 жыл;