«Челси» командасының бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогба 2018 жылғы «Алтын доп» жүлдесін алуға кім лайық екенін айтты, деп жазады prosports.kz.

Атақты футболшының ойынша биылғы фаворит Килиан Мбаппе. Алайда Криштиану Роналду да аталған жүлдені тағы бір мәрте алуға лайқты.

- Мен «Алтын допты» биыл Мбаппе алғанын қалаймын. Бірақ, Роналду да әбден лайық. Ол командасымен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Онымен қоса өзге чемпионатқа ауысты. Жасы ұлғайғанына қарамастан бұрынғыдай топырлатып гол соғып жүр, - деді Дрогба.