Неміс Бундеслигасында өнер көрсететін «Шальке-04» футбол клубы ресми сайтында ресейлік маман Александр Бородюкты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері биыл 56 жасқа толып отыр.

Бородюк 1989 жылдан бастап 1993 жылға дейін «Шальке-04» сапында доп тепекен. Осы аралықта 124 матч өткізіп, 41 гол соққан.

«Көптеген сарапшылар назарында Бородюк «Шальке-04» командасында өнер көрсеткен ең талантты ойыншылардың бірі»,- деп жазды неміс клубы ресми сайтында.

Kicker журналының нұсқасы бойынша Бородюк 1993 жылы Германия Бундеслигасының үздік үш ойыншысының бір деп бағаланды. «Шальке-04» командасынан кеткен соң Александр сол чемпионатта қалып, «Фрайбург» жейдесінде өнер көрсетті. Ал одан кейін Екінші Бундеслигада «Ганновер-96» сапында доп тепті.

2016 жылы Бородюк алматылық «Қайратты» баптады. Ал 2017 жылы ұлттық құраманың тізгінін ұстағанымен, нәтижесі көңіл көншітпей қызметінен қуылды.