Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирінде Айза Имамбек өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz.

19 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламадан кейін 38,40 ұпай жинап, 25–ші орында тұр.

Айза енді бейсенбі, 29 қараша күні ерікті бағдарлама сайсында бақ сынайды.