Бүгін, 28 қараша, Таллин (Эстония) қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Tallin Trophy-2018 турнирінің қысқа бағдарламадан жарысы аяқталы, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Никита Манько 18-ші орынды иеленді (54,83 ұпай), ал Артур Панихин 20-орынды (49,95) қанағат тұтты.

Қысқа бағдарламада танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Максим Ковтун (80,91) жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды тағы бір ресейлік Антон Шулепов (80,86), үшінші орынды американдық Винсент Чжоу алды.