Шотландиялық боксшы Ронни Кларк биыл ақпанда жеңіп алған IBF чемпиондық белбеуін сатылымға қойған болатын.

33 жастағы боксшы сатылымнан түскен ақшаға ұлына Рождествоға сыйлық алмақ болған.

Спортшының айтуынша, қазір ол қиын кездерді бастан кешіруде. Кларктың соңғы үш жекпе-жегі қарсыластардың бас тартуына байланысты өтпей қалған болатын.

MTK компаниясы мен 29 жастағы боксшы Томми Койл қаржылай көмек көрсететіні белгілі болды.

Кларк 21 жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіліс тауып, екі рет тең түсті.