Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен өтетін титулды жекпе-жегі алдында бепкерлер құрамын ауыстырды, деп хабарлайды prosports.kz.

Шарипова енді Мәскеуде Бокс прогресс орталығында Альберт Муталибовтың қол астында жаттығады.

Естеріңізде болса, Фируза мен финляндиялық Ева Вальстрем жекпе-жегі 22 желтоқсан өтуі тиіс болатын. Алайда қазақстандықтың жарақатына байланысты кездесу кейінге шегерілді.