Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Монте-Карлода никарагуалық Маркос Мохиканы (16-3-2, 12 КО) нокаутқа түсірген соң жеңісі туралы пікір білдірді.

«Бақыттымын, өте жақсы өнер көрсете алдым. Джон Дэвид Джексонның қоластында шеберлігім арта түскенін байқап жүрмін. Эдди Хирнге рақмет! Бұл үлкен шоу, жаңа деңгей», - деді Елеусінов.