Канаданың Квебек провинциясында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Супер орта салмақтағы Сабыров 36 жастағы мексикалық аса тәжірибелі боксшы Рокки Монтойямен (32-2-0, 22 KO) жұдырықтасты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтық жеңісімен аяқталды.

Айта кетерлігі, Монтойя кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын 1997 жылы жасаған. Содан бері 32 мәрте жеңіске жетіп (22 нокаут), екі-ақ мәрте жеңілген. Бүгін үшінші жеңілісіне ұшырап отыр. 24 жастағы Сабыров кәсіпқой боксқа қарсыласынан тура он жыл кеш келген.

Назарларыңызға осы жекпе-жектің видеосын ұсынамыз.