Конькимен жүгіруден әлем кубогының Жапонияда өткен кезеңінде қазақстандық спортшы Дмитрий Морозов 5000 метр қашықтықта 10-шы болып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қашықтықта үздік нәтижені жергілікті спортшы Сейтаро Ичино көрсетті - 6:28.361. Екінші болып Карс Янсман (+5.48), үшінші болып Рюсуке Тсучия (+5.56) мәре сызығын кесті.

Морозовтың көрсеткіші - 6:46.481, ол көшбасшыдан 18.12 секунд қалып кетті. Тағы бір қазақстандық спортшы Виталий Щиголев 15-ші (+20.74) нәтиже көрсетті.