Конькимен жүгіруден әлем кубогының Жапонияда өткен кезеңінде қазақстандық спортшы Иван Аржаников 1000 метр қашықтықта 5-ші болып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қашықтықта үздік нәтижені жергілікті спортшы Такуро Ода көрсетті - 1:11.432. Екінші болып ресейлік Алексей Есин (+0.04), үшінші болып тағы бір жапониялық Таро Кондо (+0.05) мәре сызығын кесті.

Аржаниковтың көрсеткіші - 1:11.815, ол көшбасшыдан 0.38 секунд қалып кетті. Өзге қазақстандық спортшылардан Денис Кузин 7-ші (+0.67), Александр Кленко 8-ші (+0.96) нәтиже көрсетті.