Қазақстандық боксшылар Канададағы бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Алдағы жексенбіде Квебекте қазақстандық екі боксшы жекпе-жек өткізеді. Нұрзат Сәбіров (7-0, 6 КО) мексикалық Рокки Монтоямен (32-2, 22 КО) кездеседі.

20 жасар Садриддин Ахмедовтің (4-0, 4 КО) де қарсыласы мексикалық боксшы болмақ. Ол Хосу Зунигамен (14-11-2, 5 КО) жұдырықтасады.