Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Жайна Шекербекова финалға жолдама алды. 28 жастағы шымкенттік боксшы бүгін әлемдік сынның алтыны үшін таласады.

- Финалға өткенім үшін қуаныштымын. Жартылай финалда жапондық қызды жеңу оңай болған жоқ. Десе де, мен қолдан келгеннің бәрін жасап, төрешілерден оң баға алдым.

Ендігі қарсыласым - Солтүстік Корея өкілі. Ол да өте мықты спортшылардың бірі. Оның жекпе-жегін Азия ойындарында көргенімін. Сол сында қарсыласым күміске қол жеткізген. Сондықтан, оған қолданатын тактикам дайын, - дейді Жайна.

Еске сала кетейік, Жайна 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Биылғы әлемдік сында Жайнадан бөлек, Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанған болатын.

Жайна Шекербекованың финалдық кездесуі 24 қарашада өтеді.