Балалар күтпеген қонақтармен жүздескендері үшін қуанышты болды, қайраттықтар оларға ерекше сыйлықпен барды. Ал орталықта, өз кезегінде, балалар мен футболшылар арасында спорттық ойындар өтті. Кездесудің басты мақсаты – балаларды спорттағы ойын-сауықтар арқылы салауатты өмір салтына шақыру.

«Мейірім» өкілдерінің айтуынша, балаларды дене шынықтыруға және бірін-бірі арасында серіктестікті сезіндіруге тәрбиелеу өте маңызды. Ал мұны күн сайын тұтас команда болып, жаңа мақсаттарға қол жеткізіп жүрген кәсіпқой футболшылардан артық ешкім көрсете алмас.

«Спорт пен салауатты өмір салтына деген қызығушылықты бала кезден үйрету өте маңызды. Ал мұны осындай қызықты ойындармен үйрету керек, ол балаларға физикалық тұрғыда қарқынды өмір сыйлайды», - деді «Қайрат А» командасының капитаны Арман Нүсіп.